Биыл Қызылордада 10 бүлдіршін терезеден құлап кеткен
Қызылордада биыл 10 бүлдіршін терезеден құлап кеткен
Қызылорда облысында ата-анасы қадағалаусыз қалдырған 10 бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен.
Былтыр дәл осындай 14 оқиға кездескен еді.
Биылғы бес айдың ішінде дәл осындай 9 жағдайда 10 бала жарақат алды. Оқиғаның барлығы Қызылорда қаласында болған.
Айта кетсек, мамыр айында бір күнде үш бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. Оның ішінде біреуінде бір үйден екі балаға зақым келген.
«Балалардың бәрі аман, денсаулығы бірқалыпты. Департамент қызметкерлері қалада орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерге ескерту жасап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Тұрғындардан үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмауды сұраймыз. Терезенің қорғаныш қабаты болмаса москит торын пайдалануға болмайды», — деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Жандос Жүгінісов.