Маусымда күн 39 градусқа дейін ысиды – Қазгидромет
Маусым айында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр кей күндері қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, қатты жел күтіледі.
Маусым айында республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы норма шамасында, батыста және елдің оңтүстік жартысында нормадан 1° жоғары болады деп күтілуде.
Маусым айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, Атырау, Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында нормадан аз болады деп болжануда.
Маусым айында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр кей күндері қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, қатты жел күтіледі.
Маусымның бірінші онкүндігінде Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан және Орта Азиядан жылы ауа массаларының шығуымен ауа температурасының жоғарылауы күтілуде:
еліміздің солтүстігінде, орталығында түнде +2+10°С-тан +12+20°С-қа дейін, күндіз +13+20°С-тан +22+30°С-қа дейін;
шығыста түнде +2+7°С-тан +13+18°С-қа дейін, күндіз +13+18°С-тан +23+30°С-қа дейін;
оңтүстік-шығыста түнде +7+12°С-тан +12+20°С-қа дейін, күндіз +22+30°С-тан +25+37°С-қа дейін.
Батыс және оңтүстік аймақтарда температураның негізгі фоны болжанады:
елдің батысында, солтүстік-батысында (Ақтөбе облысы) түнде +15+25°С, күндіз +25+38°С;
оңтүстік-батыста түнде +20+28°С, күндіз +30+39°С;
оңтүстік өңірлерде түнде +12+17°С, күндіз +27+38°С;
Бірінші онкүндіктің соңында елдің басым бөлігінде аптап ыстықтың бәсендеуі күтіледі. Маусымның екінші және үшінші онкүндігінде ауа температурасының солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күндіз +20+25°С-тан +30+38°С-қа дейін, ал батыс, оңтүстік өңірлерде 25+30°С-тан 34+39°С-қа дейін ауытқуы болжануда.