сейсенбі, 3 желтоқсан, 2024 21:40

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Несиені жұбайының келісімі арқылы берген дұрыс – Сүлейменов

Несиені жұбайының келісімі арқылы берген дұрыс – Сүлейменов
Фото: Ұлттық банк
Отбасы болғаннан кейін шешім де бірге қабылдануы қажет

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлемеге арналған кезекті брифингіде несие рәсімдеуде жұбайының келісімін міндеттеу нормасы туралы пікір білдірді, деп жазады Inform.kz.

«Кредит алу үшін жұбайының келісімін міндеттеу туралы норманың тағдыры не болып жатыр? Бұл норма үйдегі зорлық-зомбылықты арттыра түседі дейтін пайымдар бар. Оның үстіне Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша, 800 қазақстандықтың екіден көп некесі бар көрінеді. Бұл мәселе қалай реттеледі?» - деп сұрады журналист.

Ұлттық банк басшысы сомасы үлкен несиені жұбайының келісімі арқылы ғана беру орынды деп есептейтінін айтты.

«Менің көзқарасым бойынша, кез келген норманы ақылмен қолдану керек. Менің түсінуімше, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жұбайының келісімін қажет ететін сома белгілеуді ойластырып жатыр. Яғни, біреу айлық түскенше деп 50 мың теңге борыш алғысы келсе, жұбайының рұқсаты керек болмайды. Ал 10 млн теңге алғысы келсе, сөзсіз жұбайының келісімі керек. Өйткені ондай борыштың ауыртпалығын ертең екеуі де арқалайды. Сондықтан асыра сілтеп жібермейтіндей теңгерімді меже керек. Егер дұрыс теңгерім болса, жалпы бұл норма дұрыс деп ойлаймын. Өйткені өзінің ғана емес, бүкіл отбасының әл-ауқатын тәуекелге тігу деген дұрыс емес. Отбасы болғаннан кейін шешім де бірге қабылдануы қажет», - деді Тимур Сүлейменов.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар