сенбі, 7 желтоқсан, 2024 7:37

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Тарихшы ғалымның ашаршылық туралы кітабы шықты

Тарихшы ғалымның ашаршылық туралы кітабы шықты
фото: ашық дереккөз
Баспаға Л.Н. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған.

Ахмет Байтұрсынұлы Музей-үйінің ғылыми қызметкері, Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық университетінің профессоры, т.ғ.д. Светлана Смагулованың «Зұлмат жылдар зардабы» атты зерттеу еңбегі баспадан шықты.

Монографиялық еңбекте ХХ ғасырдың 30 жж. қазақ жерінде түрлі саяси науқандардың жүргізілу барысы, үкімет тарапынан көрсетілген қысымшылық, наразылықтар мен көтерілістер жайлы айтылады. Автор саяси жағдайларға тоқтала отырып, 1931-1933 жж. аштықтың шығу себебі мен салдарына, аштық барысындағы үкіметтің жүргізген іс-шаралары мен қазақ азаматтарының жоғары орындарға жіберген хаттары, балалардың ашығуы, ұлт қайраткерлерінің аштық ауыздықтаудағы қызметі жан-жақты талдайды.

Кітап гуманитарлық ғылымдар саласы мамандарына, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, студенттеріне, магистранттар мен докторанттарына, сондай-ақ көпшілік оқырман қауымға арналады.

Баспаға Л.Н. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған.

Оқырман назарына сала кетелік, Ахмет Байтұрсынұлы Музей-үйінде 31-мамыр Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні “Зұлмат жылдар зардабы” атты дөңгелек үстел өтетіні хабарланған болатын. Шара аясында аталған кітаптың да тұсаукесері өтеді. Дөңгелек үстелге тарихшы, алаштанушы ғалымдар, музей-үй жанкүйерлері және музейде практикадан өтіп жатқан студенттер қатысады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар