Жоғарғы сот судьясы лауазымынан босатылды
Сенат депутаттары Талғат Ибрашевті Жоғарғы сот судьясы лауазымынан босатты.
Сенат отырысында Жоғары Сот Кенесінің Төрағасы Денис Шипп судьяны лауазымынан босату туралы ұсыныс айтты.
Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті өзінің кеңейтілген отырысында ҚР Президентінің Жоғары Сотының судьясын қызметінен босатуға ұсынылған кандидатураны талқылап, қорытынды шығарды. Президент ұсынымы негізінде және Конституцияның 55-бабының 1-тармақшасына, ҚР Парламенті мен оны депутаттарының мәртебесі туралы конституциялық заңының 22-бабына, ҚР Сот жүйесі және судьяларды мәртебесі туралы конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына, 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес комитет Парламент Сенатына Талған Әулиеханұлы Ибрашевті басқа қызметке тағайындалуына байланысты ҚР Жоғары Сотының судьясы қызметінен босатуды ұсынады, - деді комитет төрағасы Нұрлан Бекназаров.
Айта кетейік, Талғат Ибрашев 19 сәуірде Алматы облыстық сотының төрағасы болып тағайындалған болатын.