жексенбі, 10 қараша, 2024 13:50

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Қызым бір құшақ гүлімен келіп, туған күніммен құттықтайтын еді": Нүкенованың анасы қызын еске алып жылады

"Қызым бір құшақ гүлімен келіп, туған күніммен құттықтайтын еді": Нүкенованың анасы қызын еске алып жылады
фото әлеуметтік желіден алынды
Былтыр олай болмады, биыл да олай емес, енді ешқашан олай болмайды

Салтанат Нүкенованың анасы туған күнінде аянышты жазба қалдырды.

Ол қызы тірі кезінде былтыр да туған күнімен құттықтай алмағанын, ал, биылғы туған күнінде өмірде жоқ екенін еске алып, жылады, деп жазады Oimaqnews.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.  

"Жылда қызым бір құшақ гүлімен келіп, туған күніммен құттықтайтын. Жыл сайын Астанадан ұлым мен қызым жетіп келіп, тосынсый жасайтын еді. Былтыр олай болмады, биыл да олай емес, енді ешқашан олай болмайды", - деп жазды анасы.

Дегенмен, желіде Жұмагүл Нүкенованы қолдау акциясы өтіп, Салтанатты таныған адамдар оның мекен-жайына гүл жіберіп, жылы тілектерін арнаған.

"Сіздердің мейірімдеріңіздің арқасында Салтанатымның жылуын сезінгендей болдым, көп рақмет", - деп жазды ол.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар