Димаштың жанкүйерлері қазақша сөйлейді
Димаштың жанкүйерлері қазақ тілінде сөйлейді
Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері үшін қазақ тілі курсы ашылды. Бұл туралы Oimaqnews .kz хабарлайды Ulysmedia.kz сілтеме жасап.
Сабақ апта сайын онлайн форматта өткізіледі. Алайда оқытушы Сандуғаш Тоқтаубаеваның айтуынша, жақын арада тағы бір топ ашу жоспарланып отыр, өйткені испандықтар ішінде қазақ тілін үйренуге ниетті азаматтар артып келеді.
Әртіспен және оның мәдениетімен тығыз байланыста болу үшін оларға тіл қажет, сол үшін Қазақстан елшілігі ұйымдастырған қазақ тілінің онлайн курсы бұл үшін тамаша мүмкіндік беретінін мойындайды.
Димаштың жанкүйерлері оқу мүмкіндігіне ризашылық білдіріп, болашақта мақтанышпен қазақша сөйлей алатын боламыз деп үміттенеді:
– Біз Испаниядан келдік және Димаш Құдайбергеннің ана тілінде сөйлейміз, – дейді олар.