Саясат

Әлия Назарбаева кәсіпкер Нұрлан Бимурзинді сотқа берді

Әлия Назарбаева өзін рейдерлік шабуыл жасады деп айыптаған кәсіпкер Нұрлан Бимурзинді сотқа берді

Әлия Назарбаева "TPK Asia" басшысы Нұрлан Бимурзинге қарсы арыз жазды.  

28 мамырда Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Нұрлан Бимурзинге қатысты іс бойынша сот отырысы өтеді.

Әкімшілік кодекстің 73-3-бабының 2-бөлігі "Көпшілік алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалған жала жабу" бойынша іс қаралады. Сот отырысы онлайн видеоконференция арқылы өтеді.

Нұрлан Бимурзин Әлия Назарбаеваның "TPK Asia" мекемесін рейдерлікпен басып алуына қатысты бас прокуратураға арызданған еді. Сол үшін Әлия Назарбаева оны сотқа берді.