Руханият

Жалаңтөс баһадүр туралы фильм жарыққа шығады

Өзбекстандық медиада Жалаңтөс баһадүр жайлы фильмнің трейлері жарияланды. Ақпарат көздері фильмге өзбекстандықтармен қатар, қазақстандық және қырғызстандық актерлер да түскенін хабарлады.

Фильмнің режиссері Джахангир Ахмедов. Фильм Самарқанд әмірі,  қолбасшы, Регистанды құрған қайтаркер Жалаңтөс баһадүр жайлы болмақ. Өзбекстан режиссерлері  фильмді «Амир Бақодир Ялангтуш» деген атпен  жариялады. Түсіру жұмыстарына «Nomad Stan's» каскадерлар тобы да қатысқан.

Жалаңтөс  баһадүрді қазақ тарихшылары Кіші жүздің алшын  руынан шыққан қолбасшы деп санайды. Алайда өзбекстандықтар «Ялангтуш бақодир» деп атайды және өмірінің кей тұстарында  Қазақ сұлтандарымен  де қақтығысқаны жайлы деректер бар. Бірақ 1643 жылы Орбұлақ шайқасында Қазақ ханы Жәңгірге көмекке келгені туралы да деректер бар.

 

Oimaqnews