Әлеумет

Бес жасар бала көлікпен адам қаққан

Денсаулық сақтау басқармасында бұл көлікте болған бала ма, жоқ па, оны айтпады.

Жезқазғанда бес жасар бала адамдарды көлікпен қағып кетті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  etozhez-ке сілтеме жасап.

Оқиға «Гранд Палас» мейрамханасының жанында болған, төрт адам зардап шекті.

Белгілі болғандай, бес жасар бала көлікті қол тежегішнен алып тастаған. Нәтижесінде көлік жаяу жүргіншілер тобын қағып кеткен.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау басқармасында зардап шеккендердің саны бесеу екенін растады.

Сонымен қатар зардап шеккендердің арасында бала бар, ол бас жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Бірақ Денсаулық сақтау басқармасында бұл көлікте болған бала ма, жоқ па, оны айтпады.