жұма, 22 қараша, 2024 19:19

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Прокурор Аймағанова әсерлі жазба қалдырды

Прокурор Аймағанова әсерлі жазба қалдырды
фото: ашық дереккөз
Прокурор мұндай істердің аз еместігін де айтты.

Экс-министр Қуандық Бишімбаев сотымен танымал болған прокурор Айжан Аймағанова әлеуметтік желідегі парақшасына әсерлі жазба қалдырды.

Ол  Instagram желісіндегі парақшасында адамдарды үлкен жанжалдан қашық болуға шақырды. Жазбасында:

"Мен тұрмыстық зорлық-зомбылық сияқты әлеуметтік құбылыс туралы ашық айту бүгінгі таңда қалыпты жағдайға айналғанына қуаныштымын. Менің тәжірибемде отбасылық жанжал қол жұмсауға ұласып, олардың бірінің өлімімен аяқталған іс болды. Ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал ас үйде болған, сол сәтте әйелі үстелде нан турап жатқан. Жанжал барысында ер адам оны ұра бастаған. Қорғанғысы келген әйелі жұбайының кеудесіне пышақ салып, ер адам сол жерде көз жұмған, ал әйелі сотталды", – деп жазды Айжан Аймағанова.

Прокурор мұндай істердің аз еместігін де айтты.

"Бұл жағдайда зорлық көрсетуші өмірінен айырылды, ал зорлық-зомбылық құрбаны өзін құтқара алды. Бірақ қандай бағамен? Қоғамнан оқшаулану бағасымен және өкінішке орай, оқшауланумен ғана шектелген жоқ. Зорлық-зомбылық отбасыларда да, оқу орындарында да, еш жерде де болмауы тиіс. Әр отбасында балалар өсіп келеді, олар өмірлерін өз отбасыларының үлгісімен қалыптастырады. «Балаларды тәрбиелеме, өзіңді тәрбиеле». Егер әрқайсымыз қоршаған ортаға бей-жай қарамасақ, онда көп нәрсені жақсы жаққа өзгертуге болады.Бір-біріңізге көңіл бөліңіздер, үлкен жанжалдардың алдын алыңыздар", - деп жазды прокурор.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар