Қостанайда ҚТЖ лауазымды тұлғаларына үкім жарияланды – антикор
Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады
Бейімбет Майлин ауданының соты «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалының Қостанай пайдалану локомотив депосының бастығы А. Махмутовқа, оның орынбасары Ж. Сырмановқа, жылу технигі Б.Серікұлына және «Қазақстан-ОЭК» СҮ» ЖШС Тобыл станциясының отын қоймасының бастығы К. Елеусиновқа қатысты үкім жариялады, – деп хабарлайды Антикор.
Олар ҚТЖ дизель отынын және теміржол кранын жөндеуге бөлінген жалпы сомасы 12 млн теңге қаражатты жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Махмұтов, Сырманов, Елюсинов 3 жылдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыруға, Серікұлы 3 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталды.
Сонымен қатар, сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.