жұма, 20 қыркүйек, 2024 11:53

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бухгалтер бюджеттен жымқырған қаржыны құмар ойынға жаратқан

Бухгалтер бюджеттен жымқырған қаржыны құмар ойынға жаратқан
фото ашық дереккөздерден алынды
БҚО бухгалтер бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі

БҚО бухгалтер бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Қаратөбе аудандық соты мемлекеттік мекеменің қаражатын жымқырған есепшіге үкім шығарды.

Соттың үкіміне сәйкес ол 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан және сол мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе аудандық прокуратурасымен есепшінің мекеме басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасын заңсыз қолданып, 7 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырғаны анықталды.

Осы дерек бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі 1-тармағымен (өзіне сеніп тапсырылған мүлікті ірі мөлшерде жымқыру және талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Келген шығынның 1 млн астамын ғана қайтарған сотталушы сот процесінде жымқырған қаражатты құмар ойындарға жаратқанын айтты. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - делінген хабарламада.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар