Қоғам

Астанада жиһаз цехі отқа оранды

Астанада жиһаз цехінен өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша оқиға таңғы 8:44-те болған. 

Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 54 адам және 12 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығының 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.