жұма, 22 қараша, 2024 15:51

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Дүниені дүр сілкінткен Димаш

Дүниені дүр сілкінткен Димаш
Фото: dimashnews.com
Менің де өз сүйікті отаным, тілім, ата-жұртым бар

Қазақстанның халық әртісі, әлемге танымал қазақ әншісі Димаш Құдайберген Түркияның Стамбұл қаласында кеш өткізді. Өзінің 30 жас туған күнімен тұспа-тұс келген кеште әнші қазақ халқының атынан түркиялық көрерменге алғысын айтты, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz  Qaz365.kz  сайтына сілтеме жасап.

«Ат айналып қазығын табады демекші», шаңыраққа қарап түрікше және ағылшынша сөйлеп жатырмыз. Менің де өз сүйікті отаным, тілім, ата-жұртым бар. Рұқсат болса, барша қазақ халқының атынан, барша тілеуімді тілеп жүрген қазақ ағайындардың атынан осында жүрген түрік ағайындарға және тыңдармандарға мың тағзым, рахмет айтамын», - деді Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, Димаштың концерті Стамбулдағы «Бешикташ» командасының «Водафон Парк» стадионында өтті. Әлемнің 41 елінен көрермен келді. 42 мыңға жуық көрермен болған стадионда бос орын болған жоқ.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар