Марқұм Салтанат Нүкенованың ар-намысына нұқсан келтіретін ақпарат таратқан журналист Антон Бударов сотталды
- авторОймақ
- 26 мамыр, 2024
- 449
Антон Бударов 14 желтоқсанда өз парақшасында Салтанат Нүкенованы қаралап, өзін кінәлаған жазба жазған.
«Мен Бишімбаевтың әйелі Салтанатты жәбірленуші деп санамаймын. Ол нағыз абьюзер, күйеуімен ішімдікке салынып, төбелес шығарған. Барып тұрған алаяқ, астрология курсын сатқан. Қарапайым есірткіқұмар отбасы, ол әйел нағыз оңбаған», – деп жазған журналист. Журналиске қатысты сот үкімі туралы адвокат Дамир Ишмаметов жазды. Оның сөзінше, 2024 жылдың 20 мамырында Бостандық аудандық соты Бударовтың Салтанат Нүкенова туралы жазбасын жалған деп тану жөнінде үкім шығарған.
«Бударов Антон Юрьевич көпшіліктің алдында үндеу жасау арқылы өзі таратқан ақпаратты жоққа шығаруға міндеттелді. Сонымен қатар сот шығындарына жұмсалған 650 мың теңгені Амангелді Айтбекке өндіруі керек», – деп жазды қорғаушы.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Алматыда құрдастарын ұрып-соққан екі қыз ұсталды
Ұқсас жаңалықтар
Сыртқы істер министрлігі Украинадағы жағдайға қатысты түсінік берді
- авторОймақ
- 22 қараша, 2024