Әлеумет

Синоптиктер қолайсыз ауа райы туралы ескерту жасады

Алматы, Астана және тағы 4 қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай

Алматы, Астана және тағы 4 қаланың тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы  "Қазгидромет"  ескертті, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz

"2024 жылғы 19 ақпанда Қостанай, Өскемен, Риддер, Алматы, Ақтөбе, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.