дүйсенбі, 25 қараша, 2024 11:20

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Су Соколок каналы бойындағы бөгетті бұзып кетті

Су Соколок каналы бойындағы бөгетті бұзып кетті
фото: ашық дереккөз
Бұл учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып отыр

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметінше, судың көптігі мен қатты желдің салдарынан Соколок каналы бойындағы бөгет бұзылған.

"Соколок" каналы Атырау қаласына бағытталған үлкен су нөпірін Жайық өзені арқылы реттеудің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты, канал бойындағы алғашқы қорғаныс нысанына қосымша, қаланы тасқын судан қорғауға арналған екінші қорғаныс нысаны салынғанын атап өткеніміз жөн. Екінші қорғаныс бөгетінің беріктігін қамтамасыз ету мақсатында, қосымша нығайту жұмысы жүргізілді. Бөгеттің биіктігі Балтық биіктік жүйесінің деңгейіне сәйкес ұлғайтылды. Бұл учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып отыр. Қазіргі уақытта жағдайдың өзгеруіне байланысты қажетті шешімдер үшін қосымша техникалар жіберілді" – делінген Атырау облысының жедел штабының мәліметінде.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар