Қоғам

Жаңа адамдар: «Шабыттың» шатырынан су кеткенде...

Өзгерістерді әрқашан өзіңнен бастау қажет.

Астанадағы Қазақ Ұлттық Өнер Университетіне Күләш Байсейітованың есімі берілді. Бұл туралы 21 мамыр күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өнер және мәдениет қызметкерлерімен кездесуде жариялады.

«Мәдениет пен өнер – ел өміріндегі өте маңызды сала. Өнер – ұлттың жаны, ал мәдениет – рухани келбеті. Бұл қос құндылықты өркениетіміздің өзегі деуге болады. Оны сақтап, байыта түсу – ортақ парыз», – деп Мемлекет Басшысы атап өтті.

2022 жылдың наурыз айында Жаңа адамдар Қазақстанның болашақ мәдениет мамандарын оқытуға  жасалуы тиіс қолайлы жағдайлар үшін күрескен болатын.  Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің шатырынан 7 жыл бойы су өтіп, студенттердің білім алуына кедергі келтірген.  Басшылық бұл мәселеге немқұрайлық танытып, назар аудармаған еді.

Былтыр  наурыз айында Жаңа адамдар «Шелек шабытты құртады» атты ауқымды азаматтық науқан өткізген болатын. Белсенділер ҚазҰӨУ алдында флешмоб өткізіп, ЖОО бұрынғы ректоры Айман Мұсаходжаеваны ерекше түрде туған күнімен құттықтап, «ашық аспан және сол аспаннан университетке су ақпауын» тілеген.

Жаңа адамдар үш ай бойы жағдайдың жақсаруын талап етті. Олардың талабы текке кеткен жоқ, мәселе назарға алынып, министрлік ғимаратты қайта құрылымдау үшін 530 млн теңге көлемінде қаржы бөлді.

«Шабытты» қайта құрылымдау  – азаматтық қоғам мүмкіндіктерінің айқын көрінісі. Жаңа адамдар студенттерді қолдамағанда, университет басшылығы шатырдан су кету мәселесін «жабулы қазан» күйінде қалдырар еді. Адамдар өз құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін күрескен кезде Әділетті Қазақстан құрылады. Сен әрекет етпесең, сен үшін ешкім әрекет етпейді. Өзгерістерді әрқашан өзіңнен бастау қажет.