Қоғам

Құранды қолмен жазған Осман Тоха Шымкентке келді

90 жастан асқан каллиграф Сауд Арабиясында тұрады

Құран кітабын үш жыл бойы қолмен жазып шыққан Шейх Осман Тоха Шымкент қаласына келгені туралы бейне жазба тұрады. Оны әуежайдан белгілі меценат Серікжан Сейтжанов күтіп алған. 

Шейх Осман Тоха 24 мамырда Сейітжан қари Есжанұлы рухани орталығының ресми ашылу салтанатына қатысады деген жоспар бар.

Ол Сауд Арабиясында жыл сайын миллиондаған тиражбен басылып шығатын Құран кітабын және оның бірнеше тілдегі аудармасын қолмен жазып шыққан. Құран комбинатында қасиетті кітапты 70 тілге, соның ішінде қазақшаға да аударған.

90 жастан асқан каллиграф Сауд Арабиясында тұрады. Оның ұлты  қазақ деп айтады.