Ерке мен Raim вилла салып жатыр
"Дайын үйлер көңілімізден шықпады"
Жұлдызды жұп дайын үй сатып алудан бас тартқан. Сөйтіп екеуі вилла саламыз деп шешіпті.
Әнші Ерке Есмахан жолдасы Raim екеуінің тау бөктерінде салынып жатқан виллаларын көрсетіп, әлеуметтік желідегі парақшасында пост жазды.
Олар 2024 жылдың наурызында жер сілкінісінен кейін жер үйге көшу туралы шешім қабылдаған. Алматының таулы аймағында дайын виллалар сатылатынына қарамастан, Ерке Есмаханның жолдасы үйді өзі салып жатыр.