Әлеумет

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман балаларының әкесімен кездескенін қаламайды

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының сұрақтарына берген жауабында айтқан.

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман балаларының әкесімен кездесуіне қарсы, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының сұрақтарына берген  жауабында айтты.

«Сіз болашақта балаларыңыздың ата-әжесімен, әкесімен араласуына рұқсат бересіз бе?» деп сұраған оқырмандары. Назым Қаһарман бұл сұраққа үзілді-кесілді «жоқ» деп жауап берген.

Қуандық Бишімбаев пен оның бұрынғы әйелі Назым Қаһарманның арасында ортақ үш бала бар.