Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым және жоғары білім саласындағы III Стратегиялық серіктестер форумына қатысты

Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Мемлекет басшысы Форумның өзектілігіне тоқталып, ғылыми қоғамдастық өкілдерін алдағы ауқымды өзгерістерге дайын болуға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда білім алғысы келетін шетел жастарының саны артып келе жатқанын атап өтті.

Форумда ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, БҰҰ университетінің ректоры, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Тшилидзи Марвала, Times Higher Education бас директоры Джон Гилл, Гази университетінің ректоры Угур Унал, Гонконг қалалық университеті директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Нгай, Хериот-Уотт университетінің ректоры Нола Хьюитт-Дандас, Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технология университетінің ректоры Сергей Филатов сөз сөйледі.

Іс-шара соңында Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі мен БҰҰ университеті арасындағы келісімге қол қою рәсімі өтті.