Әлеумет

Балалар арбасымен автобусқа кіруге тыйым салынғаны туралы ақпарат - жалған

Бұл ретте арба жолаушылардың еркін қозғалуына кедергі келтірмеуі тиіс.

Көлік министрлігі автобусқа балалар арбасымен кіруге тыйым салынғаны туралы желіде тараған мәлімдемелерді жоққа шығарды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Министрлік қолданыстағы қағидалар ата-аналардың балалар арбасымен қоғамдық көлікте жүруіне тыйым салмайтынын еске салды.

Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес, автобус салоны шамадан тыс толған жағдайда, ата-анаға арналған бос орын болған кезде балалар арбасын жиналған күйде алып жүру көзделген. Бұл ретте арба жолаушылардың еркін қозғалуына кедергі келтірмеуі тиіс.