Президент «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды
13 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтеді. Жиында көлік-логистика саласын дамыту мәселелері қаралады.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр хабарлады.
Оның мәліметінше, Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына қатысты мемлекеттің ұстанымын жеткізеді.
Президент сондай-ақ «Заң мен Тәртіп» қағидатын сақтауға, ұлттық компания басшыларының жеке жауапкершілігіне және стратегиялық маңызы бар кәсіпорындардың қызметінде заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз етуге назар аударады.