Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты
Полиция өкілдері әзірге оқиғаның мән-жайы мен нақты қалай болғанын жариялаған жоқ.
Алматы әуежайында құрылыс жұмыстары кезінде жұмысшы қаза тапты. Бұл жөнінде Көліктегі полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиғаға байланысты еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция өкілдері әзірге оқиғаның мән-жайы мен нақты қалай болғанын жариялаған жоқ.
Ал әуежайдың баспасөз қызметі перронда құрылыс жұмыстары жүріп жатқан аумақта жазатайым оқиға болғанын растады. Олардың мәліметінше, марқұм – мердігер ұйым қызметкерлерінің бірі. Әуежай әкімшілігі құзырлы мемлекеттік органдарға тергеу аясында қажетті көмек көрсетіп жатқанын және тергеу аяқталғанша қосымша пікір білдіруге құқығы жоқ екенін жеткізді.