"Қасымызда болғанда ғой...": Мархабат Беспаева Арман Дүйсенов туралы әсерлі жазба жариялады
Ол композитор достарын сағынышпен еске алатынын жеткізді.
Мейрамбек Беспаевтың жары Мархабат Беспаева әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм Арман Дүйсеновті еске алып, жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, кеше отбасында болған қуанышты сәтте марқұм досын ерекше сағынышпен еске алған. Мархабат Беспаева уақыт өтсе де, кей адамдардың орны толмайтынын атап өтті.
Сондай-ақ ол қуанышты күнде марқұмның қасында болмағанына өкініш білдіріп, оны сағынышпен еске алатынын жеткізді.