Бөлшек сауда елдің көлеңкелі экономикасының көшбасшысы болып қала бере ме – Қошмамбетов
- авторОймақ
- 22 мамыр, 2024
- 491
Жылы маусымның басталуымен шағын бизнес субъектілері Respublica партиясына дүңгіршекке, сауда павильонына, автодүкен нүктелер алуға жәрдемдесуді сұрап жүгінуде.
Бұл мәселені зерттегеннен кейін біз жағымсыз қорытындыға келдік. Сауда және интеграция министрлігі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бұл мәселені өз бетінше қалдырған. Қазір бұл бағыт дұрыс реттелмеген және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері аймағында тұр.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, стационарлық емес сауда объектісі-бұл жермен берік байланыспаған, уақытша құрылысжай немесе конструкция, оның ішінде автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы.
Жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне:
- кәсіпкерлік қызметті және инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдайлар жасау;
- стационарлық емес объектілерді орналастыру орындарын айқындау және бекіту;
- стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) бағыттарын бөлуге конкурстар өткізу.
Жергілікті атқарушы органдар белгілеген орындардан тыс жерлерде бөлшек сауданы жүзеге асыруға заңмен тыйым салынған.
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметтеріне сәйкес сауда үшін орындар еліміздің үштен бір өңірлерінде ғана анықталған және бекітілген.
Еліміздің ең ірі мегаполисі - Алматы қаласындағы барлық көше саудасы заңнан тыс жүзеге асырылады.
Әкімдіктердің мәліметінше, елімізде барлығы 2 741 стационарлық емес сауда нысаны бар. Тек бір ғана Астана қаласының көшелерімен жүріп, біз 1,5 мыңнан астам дүңгіршекті анықтадық.
Қазақстанда соңғы 5 жылда стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру үшін орын бөлуге 39 конкурс өткізілді.
Алматы қаласында, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында конкурстар мүлдем өткізілмеген.
Конкурссыз дүңгіршектерге жер учаскелері қалай берілді - бұл үлкен сұрақ.
Салалық Министрлікте жұмыспен қамтылған және стационарлық емес сауда объектілерінен төленген салықтардың саны туралы нақты мәліметтер жоқ.
Өкінішке орай, бөлшек сауда елдің көлеңкелі экономикасының көшбасшысы болып қала береді.
Әкімдіктердің және Министрліктің назарынан тыс қалған жекелеген шенеуніктердің жақтастарымен көше саудасы жасырын сыбайлас жемқорлық жолдарымен реттелуде.
Көктемдегі жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар сияқты автобус аялдамаларында, саябақтарда, скверлерде, қарбалас көшелер бойында жаңа дүңгіршектер пайда болды. Заңсыз нүктелер жер, өрт сөндіру және санитарлық инспекциялар мен полицияның бақылауынан қалай құтылатыны таңқаларлық.
Сонымен қатар, заңды түрде сауда үшін жер алу мүмкін емес.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты келесіні ұсынамыз:
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігіне:
1.Ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мен отандық тауар өндірушілерге басым құқықты қамтамасыз ететін стационарлық емес сауда объектілері үшін орындар бөлу қағидаларын әзірлеу;
2.E-Qazyna мемлекеттік порталында дүңгіршектерге, автодүкендерге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы/фермерлік жәрмеңкелерге орын бөлу мәселелері бойынша ашық конкурстар өткізу мүмкіндігін пысықтау.
Жергілікті атқарушы органдарға:
1.Ішкі істер органдарымен бірлесіп-барлық өңірлерде көше саудасы бөлігінде тәртіп орнату;
2.Стационарлық емес сауда объектілерді орналастыру орындары мен маршруттарын анықтау және бекіту;
3.Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары мен маршруттарын бөлуге конкурстар өткізу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне:
1.Стационарлық емес объектілерді заңсыз орналастыру мәселесі бойынша уәкілетті органдардың қызметіне тексеру жүргізу;
2.Лауазымды тұлғаларды заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.