Әлеумет

Қызылордада жоғалып кеткен қыз табылды

Бала аман-есен табылып, анасына тапсырылды.

Қызылордада ойын кезінде үйінен алыстап кеткен алты жасар қызды полицейлер тапты. Бала аман-есен табылып, анасына тапсырылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Баланың жоғалғаны туралы хабар кешкі уақытта түскен. Іздеуге патрульдік полиция батальонының инспекторы Заңғар Нұрадинов пен ювеналды полиция инспекторы Дамир Ахметулла кіріскен.

Тәртіп сақшылары аулаларды аралап, дауыс зорайтқыш арқылы қыздың есімін атап шақырған. Сондай-ақ жергілікті тұрғындардан көмек сұраған. Нәтижесінде баланың жүрген жері анықталды.

Қыздың анасы қызын іздеуге көмектескен полицейлерге алғысын білдірді. Ведомство өкілдері ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға және олардың қайда жүргенін бақылап отыруға шақырды.