Саясат

Есік жазуы мен Мәшһүр Жүсіптің шығармалары ЮНЕСКО тізіміне енді

Бұл туралы Вице-Президент Ерлан Қарин мәлімдеді.

Мемлекет басшысының Қазақстанның құжаттық және материалдық емес мәдени мұрасын ЮНЕСКО-ның беделді тізімдеріне енгізу жөніндегі бастамаларын іске асыру жұмысы жалғасып жатыр. Бұл туралы Вице-Президент Ерлан Қарин мәлімдеді.

Вице-Президенттің жазуынша, Индонезияның Джакарта қаласында өткен Азия-Тынық мұхиты өңірлік комитетінің 11-отырысында Қазақстан ұсынған екі номинацияны ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» (MOWCAP) бағдарламасының өңірлік тізіліміне енгізу туралы шешім қабылданған. Олар – Есік қорғанынан табылған күміс тостағандағы «Есік жазуы» және «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының басылымдарға шыққан туындыларының топтамасы».

Сондай-ақ желтоқсан айында Қытайдың Сямынь қаласында өтетін ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитетінің 21-сессиясы да маңызды оқиға болмақ.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ЮНЕСКО-ның бағалау органы аталған номинацияларды тізімге енгізу жөнінде оң қорытынды берген.

Осылайша, ЮНЕСКО тізімдері ұлтымыз бен еліміздің тарихи-мәдени мұрасын танытатын жаңа қазақстандық номинациялармен толығып жатыр.