Асханадан өрт шықты: зардап шеккендер жоқ
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Түнде Алматының Түрксіб ауданындағы асхана өртенді. Құтқарушылар ғимараттан жеті газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі
Рихард Зорге көшесіндегі өрт туралы хабар "112" шұғыл қызметінің пультіне түскен. Оқиға орнына жеткен ТЖМ бөлімшелері ғимараттың шатыры мен бірінші қабаты жанып жатқанын анықтады.
Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.