Қоғам

Тұрсынғали Алагөзов Шымкент сыра зауытының жаңа құрылтайшысы атанды

Зауыт әр жылдары Тимур Жаңабаев, «АТФ Банк» АҚқа және Тоқтар Төлешовке тиесілі болды.

 

2016 жылы Тоқтар Төлешовтың мүлкі тәркіленіп, 21 жылға бас бостандығынан айырылғаны белгілі.

«Сыра королінен» мемлекет пайдасына 1 млрд 215 млн теңге өндірілді.

Айта кетейік, Тоқтар Төлешов трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құрғаны үшін және билікті басып алуға шақырғаны үшін кінәлі деп танылған.

Ал Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытынан басқа бірнеше  компаниялардың құрылтайшысы немесе тең құрылтайшысы болып саналады. Олардың қатарында  «Аdal Su» ЖШС – меншікті жылжымайтын мүлкі бар. Оны жалға береді және басқарады. Кәсіпкер 2015 жылдан бастап 122,1 миллион теңге табыс тапты.

«Chemolgan Food Station» ЖШС – меншікті жылжымайтын мүлікті жалға алу және басқару компаниясы, «Үйге арналған сусындар» ЖШС, «Солтүстік шамдар ЛТД» ЖШС – тұрмыстық тоңазытқыштар мен мұздатқыштар өндірісі, дүкендерден тыс өзге де бөлшек саудамен айналысады. «Феникс Компани» ЖШС – азық-түлік, сусындар мен темекі өнімдерінің көтерме саудасы, тауарлардың кең ассортиментімен көтерме саудасы.  «Mercury.Kz» ЖШС — тауарлардың кең ассортиментімен көтерме саудасы.  «Арбаша» ЖШС – тауарлардың кең ассортиментімен көтерме сауда, жүк автомобиль көлігінің қызметі де бар.