10 мыңнан астам педагог жұмысқа қабылданды: жастар ауылға аттанды
Ауылға барған педагогтардың 840-ы жоғары оқу орындарын үздік көрсеткішпен тәмамдаған түлектер.
Биылғы оқу жылында Қазақстан мектептеріне 10 мыңнан астам жас педагог жұмысқа қабылданды. Оның 3 770-і ауыл мектептеріне орналасқан. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Министрдің айтуынша, жаңадан жұмысқа қабылданған жас мамандардың 5 мыңы қалалық мектептерге, 1 мыңға жуығы аудан мектептеріне, ал 3 770-і ауыл мектептеріне барған. Ауылға барған педагогтардың 840-ы жоғары оқу орындарын үздік көрсеткішпен тәмамдаған түлектер.
Министр жас педагогтарға кәсіби қызметінде табыс тілеп, мұғалім мамандығына адал болудың маңызын атап өтті.