Қоғам

Алматыда полицияға қарсылық көрсеткен ер адам қамауға алынды

Желіде тараған бейнежазбадан күдіктінің өзін ұстап тұрған тәртіп сақшысын ұрып жібергенін көруге болады.

Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде полиция қызметкерлеріне ер адам қарсылық көрсеткен.

Желіде тараған бейнежазбадан күдіктінің өзін ұстап тұрған тәртіп сақшысын ұрып жібергенін көруге болады.

Бұл жағдайға байланысты қалалық полиция департаменті түсініктеме берді. Ресми жауапқа сәйкес, Әуезов ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қоғамдық тәртіптің бұзылғаны туралы «102» арнасына хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы жедел түрде жеткен. Оқиға орнында құқық бұзушылардың бірі полицияның заңды талаптарын орындаудан бас тартып, оларға қарсылық танытқан.

Полиция қызметтік міндеттерді атқару кезінде тәртіп сақшыларына күш қолдануға жол берілмейтінін ескертті. Мұндай әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.