Отандық көліктің бағасы төмендейді
Бұл жөнінде Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.
Қазақстанда отандық өндірістен шыққан автомобильдердің бағасы төмендеуі мүмкін. Бұл жөнінде Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді, деп хабарлайдыQaz365.kz.
Министрдің айтуынша, елімізде көлік өндірісі жыл сайын артып келеді. Егер 2025 жылы конвейерден 171 мың автокөлік шықса, 2026 жылы бұл көрсеткішті 191 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. Өндіріс көлемінің артуы нарықтағы бағаға да оң ықпалын тигізуде.
Ведомство басшысы соңғы айларда Қазақстанда құрастырылған көліктердің құны шамамен 11 пайызға төмендегенін атап өтті. Бұдан бөлек, автосалондарда түрлі акциялар мен жеңілдіктер жүріп жатыр.