Саясат

Жалпы 134 миллиард теңгені қайтарды: Қайрат Боранбаевқа қатысты тағы екі қылмыстық іс тергеліп жатыр

Қайрат Боранбаевқа қатысты тағы екі қылмыстық іс тергеліп жатыр

Олигарх Қайрат Боранбаевтың үстінен тағы екі іс қозғалды.

Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша Боранбаевтың үстінен қылмыстық іс тергеліп жатыр. 

"Боранбаев негізгі қылмыстық іс бойынша 14,5 миллиард теңге шығынды өтеді. Сонымен қатар 120 миллиард теңгеге жуық соманы өз еркімен өтеп берді. Жалпы 134 миллиард теңгені қайтарды. Бірақ қылмыстық іс әлі тоқтатылған жоқ, тергеліп жатыр, тағы біраз өтемақыны қайтаратын шығар. Ол бюджет қаражатын жымқырды, сонымен қатар салықтан жалтарды деген күдікке ілінді", – деді қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәжіліс алаңында.

Бұған дейін Боранбаевтың мемлекет меншігіне қайтарған Comfort қонақүйі америкалық компанияға өткені айтылды.