Қоғам

Астаналық оқушы бес жастағы баланы аман алып қалды

Оқиға Астанадағы тұрғын-үй кешендерінің бірінде болған.

Видео әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің ыстық ықыласына ие болған.

Оқиға Астанадағы тұрғын-үй кешендерінің бірінде болған.  

№ 31 мектеп-гимназиясының 7”Д”сынып оқушысы Ақан Әкімжанов аулада ойнап жүргенде 4-ші қабатта балконда ілулі тұрған баланы байқап қалған. 
 
Ақан уақыт оздырмай бірден қимылдап, балконда ілініп тұрған 5 жасар баланы құтқарып қалды.

“Ақан Әкімжанов - көпбалалы отбасынан шыққан. Ол өзінің осынау әрекетін кішкентай баланы көргенде ойланбастан жасағанын әрі өзінің де іні-қарындастарының бар екендігімен түсіндірді,”- деп жазды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

“Нағыз батыр”, “жарайсың”, “сендей ұлды тәрбилеген ата-анаңа рақмет” деп жазды желі қолданушылары.