Щучинскіде өрт шыққан үйден 75 адам эвакуацияланды
Щучинск қаласында түнде тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шығып, 75 адам, оның ішінде 20 бала қауіпсіз жерге шығарылды.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өрт көппәтерлі үйдің кіреберісіндегі лифт шахтасында болған. Онда жиналған қоқыс тұтанған.
Құтқарушылар тұрғындарды автосатының көмегімен және баспалдақ арқылы эвакуациялады.
Шағын аумақты шарпыған өрт жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.