Қоғам

Украинадағы соғыс аймағынан 13 қазақстандықты босатуға дайындық жүріп жатыр

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 13 қазақстандық әскери міндеттен босатылды.

Бұл туралы заңгер Мейрман Шекеев Instagram-дағы жазбасында хабарлады.

Оның айтуынша, енді азаматтарды өзге елдегі майданда ұстап отыруға құқықтық негіз қалмаған.

Заңгер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Сыртқы істер министрлігіне және азаматтардың елге оралуына атсалысқан құзырлы мемлекеттік органдарға ата-аналар атынан алғыс білдірді. Сондай-ақ қиын сәтте қолдау көрсеткен барша жанға ризашылығын жеткізді.

«Ең басты тілегіміз — балаларымыздың елге аман-есен оралып, туған-туыстарымен қауышуы», — деп жазды Мейрман Шекеев.