сәрсенбі, 21 қазан, 2026 14:24

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

СҚО-да белгісіз ,тұнба ішкен екі ер адам қайтыс болды

СҚО-да белгісіз ,тұнба ішкен екі ер адам қайтыс болды
фото: pexels.com
Солтүстік Қазақстан облысында белгісіз тұнба ішкен екі ер адам уланып, көз жұмды. Үшінші зардап шегушінің өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр.

"Ер адамдар көпбейінді қалалық ауруханаға шамамен бір сағат аралығымен түсті. Ауруханаға түскен кезде олардың жалпы жағдайы нашарлап, құсу, ентігу, әлсіздік және бағдарынан жаңылысу белгілері болды. Түскен алғашқы тәулікте бірінші ер адам қайтыс болды. Үшінші тәулікте екінші ер адам көз жұмды", - деді өңірлік Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.

Пациенттермен бірге келгендер олардың белгісіз тұнба ішкенін айтқан.

Марқұмдар мен аман қалған азаматтың нақты қандай сұйықтық ішкенін енді мамандар анықтауы тиіс.

Белгілісі, сұйықтықты ішкеннен кейін бірнеше сағат өткен соң үшеуі де қатты улану белгілерімен ауруханаға аса ауыр жағдайда жеткізілген – тіпті жақындарын да танымай қалған.

48 және 52 жастағы екі ер адамды құтқару мүмкін болмаған. Белгісіз сұйықтықты ішкен 75 жастағы тағы бір зардап шегуші өте ауыр жағдайда жатыр.

Полиция қылмыстық іс қозғап, қайғылы оқиғаның кейбір мән-жайын анықтады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, бұл азаматтар қоқыс контейнерлерінен тапқан бөтелкедегі сұйықтықты ішкен. Полиция аталған сұйықтықты алып, сараптамаға жіберді", - деді Петропавл қаласы №2 полиция бөлімінің бастығы Жанболат Махатов.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар