дүйсенбі, 19 қазан, 2026 11:30

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мерей Базарбаев әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Мерей Базарбаев әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
United World Wrestling
Қазақстандық балуан Мерей Базарбаев АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.

Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Мерей финалда түркиялық Бекир Кесерді 8:0 есебімен жеңді. Бұл Қазақстан құрамасының осы чемпионаттағы еркін күрестен жалғыз медалі болды.

Базарбаев жарысты АҚШ өкілі Люк Лилледальді 3:1 есебімен жеңуден бастады. Ширек финалда франциялық Расул Галбораевтан 13:2 есебімен басым түссе, жартылай финалда жапониялық Даито Катсумені 7:0 есебімен ұтты.

Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгі балуандар арасында еркін күрестен әлем чемпионы атанған екінші қазақстандық болды. Бұған дейін, 2024 жылы Албания астанасы Тиранада Ризабек Айтмұхан 97 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған еді.

Лас-Вегастағы әлем чемпионатын Қазақстан құрамасы жеті жүлдемен аяқтады. Грек-рим күресінің шеберлері екі алтын, бір күміс және екі қола медаль иеленді. Еркін күрестен бір алтын, әйелдер күресінен бір қола жүлде қоржынға түсті.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар