Денсаулық сақтау министрі өз мәлімдемесінде алғашқылардың бірі болып 19 қазаннан бастап Ақмола облысында, Абай және Ұлытау облыстарында 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы скринингтерден өту қажеттігі туралы жеке SMS-ескертулер жіберу жоспарланғанын жазған.
“Жүйе жүрек-қантамыр және онкологиялық ауруларды, қант диабетін, ми қанайналымының бұзылуын және вирустық гепатиттерді ерте анықтауды қоса алғанда, алты бағыт бойынша профилактикалық тексеруден өтуі қажет азаматтарды автоматты түрде анықтайды”, – деп мәлімдеді ДСМ.
Хабарлама алған адам өзінің тіркелген емханасына жүгіне алады. Ал министрлік 26 қазаннан бастап елімізідң барлық өңірінде жүргізілген вакцинациялау туралы SMS-хабарламалар жіберу жоспарланып отыр.
“Егер хабарламадағы мәліметтер шындыққа сәйкес келмесе, азамат 1414 нөміріне жауап хабарлама жіберу арқылы бұл туралы хабарлай алады. Ақпарат тексеру жүргізу үшін Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жіберіледі”, – деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігі.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Астаналық бойжеткенге тиіскен ер адам ұсталды
Ұқсас жаңалықтар
Қазгидромет 10 қазанда Астана мен 13 өңірде дауылды ескерту жариялады
- авторОймақ
- 10 қазан, 2026






