Саясат

Биыл елімізде оқушылар 31 мамырға дейін оқиды

Қазақстандағы оқушылар 31 мамырға дейін оқиды

Оқу-ағарту министрлігі оқуды 31 мамырға дейін ұзартып, "жазғы мектеп" ұйымдастырады. Бұл көктемгі су тасқынынан зардап шеккен немесе ауа райының қолайсыздығынан қыста қашықтан оқыған оқушыларға қатысты. 

27-31 мамыр аралығында Қазақстандағы 2622 мектептің 832 мың оқушысына "Жазғы мектеп" ұйымдастырылады. Мұны үкімет отырысында оқу-ағарту министрлігінің басшысы Ғани Бейсембаев мәлімдеді.

"Жазғы мектепті ұйымдастырудағы басты мақсат – оқушылардың біліміндегі олқылықтарды толтыру арқылы білім сапасын арттыру", – деді Бейсембаев.

Сондай-ақ министрлік Қазақстанның су басқан үш облысындағы мектеп оқушыларын аралық және қорытынды емтихандардан босаттқаны айтылды. Оларға жылдық баға бойынша қорытынды баға қойылады. Қалған 9 және 11 сынып түлектері үшін емтихандар 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді.