Оқу-ағарту министрлігі оқуды 31 мамырға дейін ұзартып, "жазғы мектеп" ұйымдастырады. Бұл көктемгі су тасқынынан зардап шеккен немесе ауа райының қолайсыздығынан қыста қашықтан оқыған оқушыларға қатысты.
27-31 мамыр аралығында Қазақстандағы 2622 мектептің 832 мың оқушысына "Жазғы мектеп" ұйымдастырылады. Мұны үкімет отырысында оқу-ағарту министрлігінің басшысы Ғани Бейсембаев мәлімдеді.
"Жазғы мектепті ұйымдастырудағы басты мақсат – оқушылардың біліміндегі олқылықтарды толтыру арқылы білім сапасын арттыру", – деді Бейсембаев.
Сондай-ақ министрлік Қазақстанның су басқан үш облысындағы мектеп оқушыларын аралық және қорытынды емтихандардан босаттқаны айтылды. Оларға жылдық баға бойынша қорытынды баға қойылады. Қалған 9 және 11 сынып түлектері үшін емтихандар 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.