Руханият

Соңғы үкім: 23 мамырдан Ахмет туралы фильм көрсетіледі

Фильмнің сюжеті Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянына негізделген.


Тарихи драманы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен Folklore media студиясы түсірген.

Фильмде басты рольді, яғни Ахметті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды сомдады. Сондай-ақ картинаға Дарья Александрова, Еркебұлан Дайыров, Айдар Наурызбаев түскен. Туынды 23 мамырдан бастап ел кинотеатрларына жол тартады.