Семейде 33 жастағы әйелді көлікпен таптап кеткен, салдарынан ол қайтыс болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Абай облысы полиция департаменті баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.
Аталған факті бойынша Әуезов полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдікті анықталып, ұсталды. Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сот-медициналық сараптамалармен дәлелденді. Қазіргі уақытта күдікті сотқа берілген, — делінген хабарламада.
Құқық қорғаушылар жариялаған сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, оның өлімі ашық бассүйек-ми жарақатының салдарынан болған. Қыздың денесінен тоғыз гематома анықталды, олардың кейбіреулері үш апта бұрын жасалған. Бұл тұжырым қыздың жүйелі түрде соққыға жығылғанын көрсетеді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
"Айканың тізімі": Алматыда "жеңгетайға" сот үкімі шықты
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысындағы қанды оқиға: күдіктінің соты ашық өтетін болды
- авторОймақ
- 21 қараша, 2024