Павлодарда мәйіттермен бірге тұрған екі әйел психиатриялық мекемеге жіберілді
- авторОймақ
- Бүгін, 10:18
- 16
Павлодар облысында қайтыс болған туыстарының мәйіттерін үйлерінде сақтап, алты жасар қызбен бірге өмір сүрген екі әйелге қатысты тергеу аяқталды. Сараптама қорытындысы бойынша, олардың екеуі де есі дұрыс емес деп танылған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Оқиға өңірдегі елді мекендердің бірінде болған. Бұған дейін бір отбасына тиесілі екі үйден 67 жастағы әйел мен оның 39 жастағы қызының мәйіттері табылған еді.
Белгілі болғандай, марқұмдардың бірінің денесі үй ішінде алты айға жуық уақыт жатқан. Ал екінші мәйіт анықталған баспанада алты жасар қыз әжесі және тәтесімен бірге тұрған.
Аталған жағдайға байланысты жүргізілген тергеу барысында екі әйелдің психикалық жағдайына сараптама жасалған. Нәтижесінде екеуі де есі дұрыс емес деп танылып, психиатриялық мекемеге жіберілген. Осыған байланысты олар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Ал қайтыс болған әйелдердің бірімен бірге тұрған алты жасар қыз қазір басқа отбасының қамқорлығына берілген.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Қайрат Нұртастың концертінде бойжеткенді таптап кеткен
Ұқсас жаңалықтар
Қазгидромет 10 қазанда Астана мен 13 өңірде дауылды ескерту жариялады
- авторОймақ
- 10 қазан, 2026






