Спорт

Ғалымжан Балабек әлем кубогында Қазақстан рекордын жаңартты

Отандық спортшы Ғалымжан Балабек Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан әлем кубогында рекорд орнатты.

Спортшы 400 метрге еркін әдіспен жүзу жарысында 3 минут 47,13 секунд нәтижесін көрсетіп, 12-орынға тұрақтады. Бұл уақыт Қазақстанның жаңа ұлттық рекорды ретінде тіркелді.

Жарыста АҚШ өкілі Карсен Фостер 3:37.39 нәтижесімен алтын медаль иеленді. Бельгиялық Лукас Пьер А. Энво 3:37.74 уақытпен күміс жүлдеге қол жеткізсе, Оңтүстік Африка Республикасының спортшысы Мэттью Колдуэлл 3:40.95 нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, жүзуден әлем кубогының Ташкенттегі кезеңі 10 қазанға дейін жалғасады.