Ақмолада екі көлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті
Ақмола облысында Щучинск – Николаевка автожолында Ford пен Audi көліктері соқтығысып, өртеніп кеткен. Салдарынан 5 адам жарақат алған. Көліктердің бірінде кішкентай бала болған, ол зардап шекпеген.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, жол апаты зират маңында болған. Алғашқы хабарламаларда үш көлік апатқа ұшырағаны айтылғанымен, әзірге полиция екі автомобильдің – Ford пен Audi-дің соқтығысқанын растады. Облыстық полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 8 қазанда болған.
Алдын ала дерек бойынша апат салдарынан 5 адам зардап шеккен.Олардың қазіргі жағдайы туралы әзірге толық ақпарат жоқ.
Оқиға орнында полицейлер мен арнайы қызмет өкілдері жұмыс істеп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Әзірге өзге ақпарат ресми түрде жарияланбаған.