Қоғам

Теміртауда 20 жастағы жігіт өзінің ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Теміртау қаласындағы пәтерлердің бірінде 49 жастағы әйел адам мен 52 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Оқиға 7 қазан күні болған. Қарағанды облысының Полиция департаментінің мәліметінше, “Адам өлтіру” фактісі бойынша іс қозғалды. 

“Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікке ілінген марқұмдардың 20 жастағы ұлын анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп мәлімдеді Қарағанды облысының Полиция департаменті.

Депаратемнт қазіргі оқиға бойынша тергеу амалдары жүріп жатқанын жазды.